Қызметтік тұрғын үй алу

1

Egov.kz потралында қызметті қалай алуға болады?

Бұл әрекетті орындау үшін:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбаны)алу керек;
  2. авторизациялау және тұрғын үйге кезекке қою туралы өтінім беру және ЭЦҚ қол қою;
  3. өтінімге құжаттардың электрондық көшірмелерін тізбеге сәйкес қоса жалғау:
  • тұрғылықты жерде кемінде үш жыл тұрғанын растайтын құжат;
  • неке қию (бұзу) туралы куәлік (1 маусым 2008 жыл), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы (дейін 13 тамыз, 2007 жылғы), балалардың тууы туралы (дейін 13 тамыз, 2007 жылғы);
  • аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің анықтамасы, егер жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылса;
  • жұмыс (қызметтің) орнынан анықтама, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы лауазым атқаратын адамдарға.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: кезектің реттік нөмірін көрсететін есепке қою туралы хабарлама немесе негізделген бас тарту туралы жауап.

2

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшесінде алу

Құжаттар тізімі:

  1. коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. үш жылдан кем емес тұруын куәландыратын құжат;
  4. неке туралы куәлік (немесе некені бұзу туралы күәлік) - 2008 жылдың 1 маусымынан дейін, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәлік - 2007 жылғы 13 тамыздан дейін, балалардың туу туралы куәлігі - 2007 жылғы 13 тамыздан дейін;
  5. аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің анықтамасы, тек тұрғын үй төтенше жағдайда деп саналатын болса;
  6. жұмыс орнынан анықтама, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметшілері, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сайланбалы лауазымдағы тұлғалар жүгінуі жағдайда.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің түпкі нәтижесі: кезектің реттік нөмірін көрсететін есепке қою туралы хабарлама немесе негізделген бас тарту туралы жауап.

 

Жарияланған күні

18 қаңтар 2021

Жаңарту күні

18 қаңтар 2021

Жарияланымның авторы