Жетім бала немесе ата-анасының қамқоршылығысыз қалған бала қалай тұрғын үй алуы

Қызметті egov.kz порталында қалай алуға болады?

Сізге қажет:

  1. ЭЦҚ алу (электрондық цифрлық қолтаңба);
  2. өтінішті тапсыру және оның ЭЦҚ-ын куәландыру;
  3. тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) облыстық филиалында қызметті алу үшін қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: кезектіліктің кезекті нөмірін көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы негізделген жауап.

2

Тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚКО) аймақтық бөлімшесінде қалай қызмет алуға болады?

Келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде тіркеу туралы өтініш, инспекторға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің болуы немесе болмауын тексеру туралы келісім;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
  3. республикалық маңызы бар қалаларда кемінде үш жыл тұру фактісін растайтын куәлік;
  4. некеге тұру (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылдың 13 тамызына дейін), балалар туылуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін) туралы куәлік адамның сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: кезектіліктің кезекті нөмірін көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті беруден бас тарту туралы негізделген жауап.

0

 

Жарияланған күні

18 қаңтар 2021

Жаңарту күні

18 қаңтар 2021

Жарияланымның авторы