Баланы басқа мектепке (сыныпқа) қалай ауыстыруға болады
Жарияланған күні: 18 қаңтар 2021
Жаңарту күні: 18 қаңтар 2021
Көру саны:164
Баланы басқа мектепке ауыстыру үдерісі
Жаңа мектепке ауысу үшін:
- жаңа мектепте келгені туралы талон алу;
- талонды бұрынғы оқу орнына тапсырып, шығу талоны мен оқушының жеке құжаттарын алу;
- мектеп директорының атына баланы қабылдау туралы өтініш жазу;
- өтінішке келесі құжаттарды қоса тіркеу қажет:
- 3х4 өлшемді 2 фотосурет;
- туу туралы куәліктің көшірмесі мен түпнұсқасы;
- 086-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- алдыңғы оқу орнынан жеке ісі;
- мекенжай анықтамасы.
Ескерту: баланы басқа мектепке ауыстыру туралы өтінішті аумақтық білім бөлімшесі қарастырады.
2
Баланы басқа сыныпқа ауыстыру
Баланы бір сыныптан басқасына ауыстыру мәселесін ата-ананың өтініші бойынша мектеп директоры шешеді. Баланы басқа сыныпқа ауыстырудан сыныптың толуына байланысты бас тартылуы мүмкін. Бір сыныпта оқушылар саны 25 адамнан аспауы тиіс.
Жарияланған күні
18 қаңтар 2021
Жаңарту күні
18 қаңтар 2021
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты