Түркістан облысы Ордабасы ауданының Шұбарсу және Шұбар ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы
ЖОБА
Түркістан облысы Ордабасы
ауданының Шұбарсу және Шұбар
ауылдық округтерінің шекараларын
өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысын ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
- Түркістан облысы Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Шұбар ауылдық округінен көлемі 80,0 гектар жер бөліктерінің қосу жолымен Шұбарсу және Шұбар ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Облыс әкімі |
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
|
|
Ө. Шөкеев |
|
|
|
|
|
А.Ш. Жетпісбай Ә.Е. Тұрғымбеков С.А. Қалқаманов М.И. Мырзалиев Ұ.Қ.Тәжібаев А.А. Абдуллаев А.Б. Тасыбаев
|
Облыстық мәслихат хатшысы
Қ.Балабиев |
«Түркістан облысы Ордабасы ауданының Шұбарсу және Шұбар ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы» облыс әкімдігінің 2020 жылғы «__» ___________ №_____ қаулысы мен облыстық мәслихаттың 2020 жылғы «__» __________ №_______ шешіміне.
20
27 қазан 2020 00:00
27 қазан 2020