Түркістан облысы әкімі аппаратының жиынтық-талдаужәне жалпы мониторингбөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Түркістан облысы әкімі аппараты
басшысының 2019 жылғы
« 14 » қазандағы № 37-н/қ
бұйрығымен бекітілген
5-қосымша
Түркістан облысы әкімі аппаратының
жиынтық-талдаужәне жалпы мониторингбөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
1.Түркістан облысы әкімі аппаратының жиынтық-талдаужәне жалпы мониторингбөлімі(бұдан әрі – Бөлім)Түркістаноблысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметіндеҚазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Түркістаноблысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Міндеті: әлеуметтік-экономикалық салаларында мемлекет саясатының іске асырылуына талдау жүргізуді қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуына талдау жүргізу;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен өтетін селекторлық мәжілістің материалдарын жинақтап және талдап облыс әкіміне ұсыну;
3)облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентіне және Үкімет Басшысына есеп беру кезінде, қажетті анықтамалық-жиынтық құжаттарды әзірлеу;
4) облыс әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық, лездемелік және өзге де мәжілістердің тиістілігіне қарай материалдарын жинақтап және талдап облыс әкіміне ұсыну;
- Міндеті: Бөлімнің құзыретіне кіретін басқа да міндеттер:
Функциялары:
1)Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет Басшысының облысымызға іс-сапарға келуіне байланысты, тиісті анықтамалық-жиынтық құжаттарды әзірлеу;
2)облыс әкімі аппаратының салалық бөлімдерінің облыс әкіміне ұсынылатын мәліметтеріне талдау жасау (қажеттілікке сәйкес);
3)жетекшілік ететін салалардағы өзекті мәселелерге талдау жүргізу;
4) бөлім өзіне жүктелген міндеттердің ойдағыдай атқару мақсатында облыс әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен, атқарушы органдармен өз құзіреті шегінде тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс жасау.
- Құқығы және міндеттері:
1) осы Ережеде көзделген өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға;
2) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын және құқықтық мәселелер жөніндегі өзге де құжаттарды әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға;
3) өз құзіреті шегінде мемлекеттік, мемлекеттік емес органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
4) бөлім жұмысына қатысты мәселелерді талқылау барысында облыс әкімдігінің отырыстары, мәжілістер мен комиссия жұмыстарына қатысуға.
5) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен мемлекеттік бағдарламалардың жәнеоблыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларынасәйкес іс-сапарға шығуға;
- Бөлім қызметін ұйымдастыру
- Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
- Бөлімнің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
- Бөлім басшы осы мақсатта Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын бас инспектор қол қояды.
14
03 маусым 2020 00:00
03 маусым 2020