Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ №35
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ШЕШІМІ №35
Қазығұрт ауданы 14 қаңтар 2022 жыл
Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдың округі әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қызылқия
ауылдың округі әкімінің сайлауын тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 113-1 бабына және Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күшінің жойылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 14 қаңтардағы №772 жарлығына сәйкес Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ШЕШТІ:
- Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдың округі әкімінің сайлауын өткізу күні 2022 жылғы 13 ақпанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 15 қаңтарында басталсын, тіркеу 2022 жылдың 29 қаңтарында аяқталсын.
- 2022 жылғы 13 ақпанға тағайындалған, Қызылқия ауылдың округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, «Қазығұрт тынысы» газеттінде және Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшаларында жариялансын.
Қазығұрт аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Р. Бобетов Комиссия хатшысы Б. Дөненбай
5
14 қаңтар 2022 16:18
14 қаңтар 2022