Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
ЖОБА
Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2-тармағына, «Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 мамырдағы №326 қаулысына сәйкес (№155994 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестірінде тіркелген) және Сарыағаш және Қазығұрт аудандары әкімдігінің және мәслихатының ұсыныстары негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
- Сарыағаш ауданының әкімшілік шекарасы:
1) Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округінің 288,33 гектар жерлері мен Бағыс елді мекенінің алаңы 708,8 гектар жерлерін Ақжар ауылдық округінің әкімшілік шекарасына қосу жолымен;
2) Хиебон елді мекенінің 45,62 гектар жерлерін Құркелес ауылдық округінің әкімшілік шекарасына қосу жолымен өзгертілсін.
- Қазығұрт ауданының әкімшілік шекарасы Бағыс елді мекенінің 41,2 гектар жерлерін Қақпақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасына қосу жолымен өзгертілсін.
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулыны және облыстық мәслихатының шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысын және облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
|
«Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы «___»_________ №_____ қаулысына және Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы «___»_________ №_____ шешіміне
37
26 мамыр 2021 00:00
26 мамыр 2021