Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
ЖОБА
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
- Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/565-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5981 тіркелген, 2020 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған Түркістан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізіміндегі Түркістан қаласы блойынша бөлігі мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын:
«№20 бағытындағы «Түркістан халықаралық әуежайы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Отырар мөлтек ауданы – Түркістан халықаралық әуежайы» (Түркістан халықаралық әуежайы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Бекзат Саттарханов даңғылы – Ипотека үйлері – Халық Банк – Rixos қонақ үйі – Халықаралық қазақ түрік университеті – Дастархан – Қаракөз мазараты – Керуен сарай – Әмір Темір – Қазыбек би көшесі – Шекті Тілеу жолдаяқ көшесі – Жібек жолы даңғылы – МҚТУ тас жолы – Отырар мөлтек ауданы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан халықаралық әуежайы).».
- «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Орман
Облыстық мәслихат
хатшысы Қ. Балабиев
8
07 сәуір 2021 00:00
07 сәуір 2021