«Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі №217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі №217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 3-2/615 «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі
№217 «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3266 болып тіркелген, 2015 жылғы
30 шілдеде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі» қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Ұ.Тәжібаевқа жүктелсін. - Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Ө. Шөкеев
|
А.Ш.Жетпісбай |
|
Ә.Е.Тұрғымбеков
|
|
С.А.Қалқаманов
|
|
М.И.Мырзалиев
|
|
А.С.Сабитов
|
|
Ұ.Қ.Тәжібаев
Қ.А.Қайыпбек
|
|
А.Б.Тасыбаев
|
«Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі
№217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2021 жылғы «_____»___________ №______ қаулысына
8
18 наурыз 2021 00:00
18 наурыз 2021