Арыс Қаласы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Арыс қаласы «Мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі» «Футбол клубы» КММ қызметкерлеріне 2025-2026 жұмыс жылы үшін еңбек демалысы ақысы төленетін заңнамада көзделген мерзімде берілмегені анықталды, қаңтар айына 16 күнтізбелік күн мерзімге 12 қызметкерге, 6 күнтізбелік күн ақпай айында 2 қызметкерге кешіктіріліп берілген. Бұл ҚР еңбек кодексінің еңбек демалысын уақытылы беру жөніндегі талаптарының сақталмауына жол берілгенін көрсетеді.

Анықталған кемшіліктердің туындау себептерін қарастырып, жауапты маманға тиісті шара қабылдау.

Кемшілік жіберген қызметкерлергетәртіптік шара көру

Тамыз

2

Арыс қаласы «Мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ де талдау барысында бір әдіскер дене шынықтыру және спорт саласына қатысты жұмыстарды жүзеге асырады, екінші әдіскер бухгалтерлік құжаттарды жүргізуге жауапты, ал іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспектор бөлімнің кіріс және шығыс
хат-хабарларын тіркеу және құжат айналымын қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Ал, хатшы лауазымы бойынша нақты функционалдық міндеттердің белгіленбегені, атқаратын жұмыстарының көлемі мен мазмұнының жеткілікті деңгейде айқындалмаған. Нәтижесінде аталған лауазым бойынша функционалдық жүктеменің төмен екендігі байқалады.

Штат санын оңтайландыру мақсатында бос тұрған лауазымды қысқарту мәселесін қарастыру.

Ресми хатпен жауап ұсыну

Тамыз

3

Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Талдау барысында Жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Төлегенов бөлім басшысының 22.06.2026 жылғы №22 бұйрығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына жіберілген. Кейін бөлім басшысының 24.06.2026 жылғы №23 бұйрығымен 1 күннен кейін еңбек демалысынан кері шақыртылған. Нәтижесінде қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының үздіксіз пайдаланылған бөлігі 14 күнтізбелік күнді құрамай, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кемінде бір бөлігі ұзақтығы 14 күнтізбелік күннен кем болмауы туралы талаптары сақталмаған. Сонымен қатар, аталған қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырту кезінде олардың жазбаша келісімі ұсынылмаған.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбекдемалысын ҚР Еңбеккодексініңталаптарына сәйкесуақытылы берудіқамтамасыз ету жәнееңбекзаңнамасының сақталуынатұрақты бақылаужүргізу.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

Тамыз

4

Арыс қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ішкі бақылау барысындаАрыс қаласының «Сәулетжәнеқалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкер Байтлеуова Әлия Серікқызына 2026 жылдың8 қаңтарынан бастап 31 күнтізбелік күнге жыл сайынғы еңбекдемалысы берілген. 21.01.2026жылы №4683504/26-4төлем шоты мен еңбек демалыс ақысы14 күнтізбелік күнге кешіктіріліп төленген.Төленетін еңбекдемалысы ҚазақстанРеспубликасының еңбекзаңнамасындабергіленген мерзімде берілмегені анықталды. Бұл еңбекдемалысын уақытылы беруталаптарының сақталмағанын көрсетеді.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбекдемалысын Қазақстан Республикасы Еңбеккодексініңталаптарынасәйкесуақытылы берудіқамтамасыз ету жәнееңбекзаңнамасының сақталуынатұрақты бақылаужүргізу

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

Тамыз

5

Арыс қаласы «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 17 қазандағы №34 бұйрығыменҒ.Н. Спатай, сондай-ақ 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №42 бұйрығыменМ.Б. Нуржанов жұмысқа қабылданған. Аталған қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 14-бабының талаптарына сәйкес Мансап орталығының жолдамасынсыз, тек жеке өтініш негізінде қабылдау жүзеге асырылған. ҚР Еңбек кодексінің 23, 32 және33-баптарына сәйкес, жұмысқа қабылдау рәсімдері еңбек шартын жасасу, заңнамада көзделген талаптардың орындалуы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Алайда жүргізілген талдау нәтижесінде аталған талаптардың бұзылуы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы анықталды.

ҚР «Еңбек Кодексі» талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

Тамыз

6

Арысқаласының«Жерқатынастары бөлімі» ММ бөлім басшысы еңбекдемалысындаболғанкезде 30.03-05.04.2026 жыл аралығында15төлем шотының оның ЭЦҚ кілтімен қазынашылық жүйесінежіберілуі анықталды. ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға пайдалануға беруге жол берілмейтінін ескереотырып,алдағыуақыттаҚазақстан Республикасы заңнамасыныңталаптарын қатаңсақтау қажет.

Жұмыс барысында электронды цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаға қолжетімді болмауын қадағалау.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

Тамыз

7

Арысқаласының «Құрылысбөлімі» мемлекеттікмекемесі бөлім басшысы еңбекдемалысында болған кезеңде қазынашылық жүйесіарқылы 29.01-02.02.2026ж. 27.04.-04.05.2026 ж. 32төлемқұжатыоның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойылып жібергені анықталды. Бұл жағдай электрондық цифрлық қол таңба иесінің жеке кілтінің құпиялығын қамтамасыз ету жәнеоныбасқатұлғаларға бермеу жөніндегі талаптардың сақталмау тәуекелін көрсетеді.

Жұмыс барысында электронды цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаға қолжетімді болмауын қадағалау.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

Тамыз

8

Арысқаласының «Құрылысбөлімі» мемлекеттікмекемесіне талдау барысында бөлімнің бас маманы Б.Битлесов бөлім басшысының 06.01.2026 жылғы №2 ж/қ бұйрығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына жіберілген. Кейін бөлім басшысының 08.01.2026 жылғы №3 ж/қ бұйрығымен еңбек демалысынан кері шақыртылған. Сондай-ақ бөлімнің сол кездегі бас маман-есепшісі Н.Тайманов бөлім басшысының 04.02.2026 жылғы №7 ж/қ бұйрығымен жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына жіберіліп, бөлім басшысының 10.02.2026 жылғы №8 ж/қ бұйрығымен еңбек демалысынан кері шақыртылған. Нәтижесінде қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының үздіксіз пайдаланылған бөлігі14 күнтізбелік күнді құрамай, ҚР Еңбек кодексінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кемінде бір бөлігі ұзақтығы 14 күнтізбелік күннен кем болмауы туралы талаптары сақталмаған.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбекдемалысын Қазақстан Рес публикасы Еңбеккодексініңталаптарынасәйкесуақытылы берудіқамтамасыз ету жәнееңбекзаңнамасының сақталуынатұрақты бақылаужүргізу.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

Тамыз

9

Арысқаласының «Ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесін тексерубарысында бөлімбасшысы еңбекдемалысында болған кезеңде қазынашылық жүйесіарқылы 30.01-01.02.2026 жылыаралығында 6 төлемқұжатыоның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойылып жібергені анықталды. Қазақстан Республикасының электрондық құжат жәнеэлектрондық цифрлық қолтаңбатуралы заңнамасына сәйкес , ЭЦҚ иесі өз кілтінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және оны басқатұлғалардыңпайдаланылуынажолберілмеуітиіс.

Жұмыс барысында электронды цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаға қолжетімді болмауын қадағалау.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

Тамыз

10

Арыс қаласының «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жәнеавтомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге қарасты «Жасыл Арыс» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкері Еркинбеков Бауыржан Бериковичке12.03.2026 жылы еңбекдемалысы берліген. 2025-2026 жұмыс жылы үшінеңбек демалысыақытөленетін еңбекдемалысы заңнамадакөзделген мерзімдеберілмегені анықталды, бір ай мерзімге кешіктіріліп берілген. 12.04.2026 жылы №4583526/26-92 төлем шотымен еңбекдемалысы ақысы, №4583526/26-93 төлем шотымен емделу ақысы төленген.Бұл Қазақстан Республикасы еңбеккодексінің еңбекдемалысын уақытылы беружөніндегіталаптарының сақталмауына жол берілгенін көрсетеді.

Анықталған кемшіліктердің туындау себептерін қарастырып, жауапты маманға тиісті шара қабылдау.

Кемшілік жіберген қызметкерлергетәртіптік шара көру

Тамыз

11

Арысқаласының тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде кадрлық құжаттарды зерделеу барысында кейбір бос лауазымдардың ұзақ уақыт бойы бос болып тұрғанына қарамастан, олардың функционалдық міндеттері басқа қызметкерлерге қосымша жүктеліп келген. Ішкі талдау нәтижесінде көшіру-көбейту операторының штат бірлігі2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап бос тұрғаны, алайда аталған лауазымның міндеттері осы кезеңнен бері бөлімнің екі қызметкеріне қосымша жүктеліп, олардың тарапынан үздіксіз орындалып келгені анықталды. Нәтижесінде аталғанлауазым бойынша көзделген функциялардың мекеме қызметіне әсер етпей орындалуы қамтамасыз етілген. Осыған байланысты, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, штат санын оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында 2020 жылғы25 желтоқсаннан бері бос тұрған көшіру-көбейту операторының штат бірлігін қысқарту ұсынылады.

Штат санын оңтайландыру мақсатында бос тұрған лауазымды қысқарту мәселесін қарастыру.

Ресми хатпен жауап ұсыну

Тамыз

12

Арыс қаласының Кәсіпкерлік бөлімі ММ-не ішкі талдау барысында еңбек шарты негізінде жұмыс атқаратын техникалық қызметкерлердің лауазымдық міндеттері бекітілмегені және олардың еңбек функцияларын нақтылайтын лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленбегені анықталды. Лауазымдық міндеттердің бекітілмеуі жұмыскерлердің функционалдық міндеттері мен жауапкершілік шегін нақты айқындауға мүмкіндік бермейді.

Нәтижесінде қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін нақты бөлу, орындалатын жұмыстардың көлемін айқындау және еңбек тәртібін бақылау бойынша тәуекелдер туындайды.

ҚР «Еңбек Кодексі» талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

Тамыз

13

Арысқаласы«Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттікмекемесіеңбек демалысыкезеңінде ауыл әкімінің ЭЦҚ-сымен19.03-07.04.2026 ж.32 төлемқұжатыжіберілгеніанықталды.ЭЦҚ иесі өз кілтінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және оны басқа тұлғалардыңпайдаланылуынажолберілмеуітиіс. Осығанбайланысты, еңбекдемалысы кезеңінде басшысының ЭЦҚ – сын пайдаланузаңнаматалаптарынасәйкескелмейтінін назарғаалып, алдағыуақытта мұндайжағдайларғажол бермеу жәнеқұжаттарға қол қою тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Жұмыс барысында электронды цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаға қолжетімді болмауын қадағалау;

Құқықтық оқытулар өткізу жөніндегі хаттама

Тамыз

Жарияланған күні

30 қыркүйек 2026 10:37

Жаңарту күні

30 қыркүйек 2026

Бағыттар