Артқа

Сұлтанғалиев Ернар Темурұлы

БҚО ПД бастығының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Арнайы атағы — полиция полковнигі.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжін, 2005 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2019 жылы Б. Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясын бітірген.

Мансап

1997 – 1999 жылдары - ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжінің тыңдаушысы.

1999 –2000 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Орал қалалық ІІБ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (ағаның есебінен).

2000 –2009 жылдары -  Орал қаласының ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.

2009 – 2012 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы.

2012 –2013 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Орал қалалық ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы.

2013 –2013 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының учаскелік инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, профилактикалық қызмет бөлімінің инспекторы.

2013 –2015 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының Қоғамдық тәртіпті қорғауды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының жаппай іс-шараларды қамтамасыз ету тобының аға инспекторы.

2015 - 2016 жылдары - Батыс Қазақстан облысы ПД Жәнібек ауданы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары әрі Ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы.

2016 –2018 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы.

2018 –2019 жылдары -  Батыс Қазақстан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы жол-патрульдік қызметін ұйымдастыру тобының инспекторы, қоғамдық тәртіпті қорғауды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының инспекторы.

2019 –2020 жылдары - Батыс Қазақстан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, жол-патрульдік қызметін ұйымдастыру тобының инспекторы, қоғамдық тәртіпті қорғауды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инспекторы.

2020 –2020 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы орынбасарының міндетін атқарушы әрі профилактикалық құқық бұзушылықтарды ұйымдастыру бөлімінің бастығы.

2020 – 2023 жылдары - Қазақстан Республикасы ІІМ Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары әрі профилактикалық құқық бұзушылықтарды ұйымдастыру бөлімінің бастығы.

2023 – 2025 жылдары -  Қазақстан Республикасы ІІМ Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы.

2025 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасының ІІМ Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.

Жұмыс бағыттары