Экстремизмге қарсы іс-қимыл

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті құзырет шегінде экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Министрліктің міндеттерін ұйымдастыратын және іске асыратын Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлінісі болып табылады.
Функциялары:
- экстремизм мен терроризмге қарсы күресті ұйымдастыру;
- діни қатынастар мен діни қызмет, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайды құзыреті шегінде мониторингілеу және бағалау;
- террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйіне бақылауды ұйымдастыру;
- діни іс-қимыл және діни қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдастыру;
- экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша бөліністің ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз ету және жетілдіру;
- қылмыстық озбырлықтардан азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау;
- Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 18 наурыз 2025МақалаларЭкстремизмге қарсы іс-қимыл
- 24 ақпан 2023СұхбатАқтау қаласының тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама
- 22 қазан 2022АқпаратАқтауда псевдосалафиттер бөтеннің пәтерін иеленуге тырысты





