Күзет қызметі

Күзет қызметі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының құрылымдық бөлінісі болып табылады

Функциялары:

  • Күзет қызметі, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі саласын мемлекеттік реттеу
  • Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына мониторинг жасау
  • Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді, сондай-ақ Вена конвенциясына сәйкес күзетілуі мемлекетке жүктелген объектілерді күзету бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылау

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Барлығын көру

    Жауап: «Күзет қызметі туралы» Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес күзет қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен лицензиялануға жатады.

    ІІМ-нің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен бекітілген Күзет қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін аумақтық полиция органдары көрсетеді

    Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген қағидалар «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және қажетті құжаттардың тізбесін айқындайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.