Артқа

Абдраманов Даулеткелді Амангелдіұлы

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

2002 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын тәмамдаған.
2011 жылы Алматы экономика және статистика академиясын, 2025 жылы — М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін бітірген. Техника ғылымдарының магистрі.

Мансап

2002-2003 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ Шымкент қаласы 1-полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі

2003-2009 жылдары – Шымкент қаласы Полиция департаментінде түрлі басшылық қызметтер атқарған.

2009-2011 жылдары – Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінде бөлім бастығының орынбасары, сонымен қатар тергеу бөлімшесінің бастығы.

Әр жылдары келесі лауазымдарда басшылық қызметтер атқарған:
– Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Сарыағаш аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығының орынбасары;
– Шымкент қаласы ІІБ Еңбекші полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің бастығы;
– Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Мақтаарал аудандық ІІБ бастығының орынбасары;
– Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары.

2020-2023 жылдары – Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы.

2023-2024 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы

2025 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары.