Ақтау полициясы 90 келіден астам балықты ұстады

Жарияланған күні: 03 ақпан 2021
Жаңарту күні: 05 ақпан 2021
Көру саны:152
2021 жылғы 25 қаңтарда сағат 17:25-те қала жолында полицейлер "Toyota Camry" маркалы автокөлігін тоқтатты. Оның салонынан бекіре тұқымдас балық табылды.
Тексеру барысында жалпы салмағы 90 кг-нан асатын 26 дана балық тәркіленді.
Бұл ретте, 29 жастағы жүргізуші қандай да бір рұқсат құжаттарын ұсына алмады.
Аталған факті бойынша ҚР-ның ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасуда.
Жарияланған күні
03 ақпан 2021
Жаңарту күні
05 ақпан 2021
Түрі
Қызмет бағыты