Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті (мекенжайы: 130000, Ақтау қаласы, 12-шағын аудан, анықтама телефондары: 8 (7292) 47-51-55, 8 702 958 83 36) полиция органдарындағы орта және аға басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

  1. Қазақстан Республикасының азаматы болу.

  2. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін азаматтар қабылданады. Ер азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметтен өтуі тиіс.

  3. Конкурстан өткен үміткерлер құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.

  4. Орта және аға басшы құрам лауазымдарына үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған мемлекеттік тестілеуден үш бағдарлама бойынша өтуі тиіс. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін» білуі, компьютерлік техниканы меңгеруі, мемлекеттік тілді білуі, кәсіби қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерден хабардар болуы және лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті білімі мен дағдылары болуы тиіс.

Орта және аға басшы құрамның бос лауазымдары – 3 бірлік.

Полиция департаментінің аппараты:

  1. Медициналық бөлім бастығы – дәрігер – 1 бірлік. Үміткердің басшы-дәрігер лауазымында кемінде екі жыл еңбек өтілі болуы тиіс. Орташа айлық жалақысы – 370 000 теңге.

  2. Медициналық бөлімнің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобының бас маманы – бас санитариялық дәрігер – 1 бірлік. Орташа айлық жалақысы – 300 000 теңге.

  3. Медициналық бөлімнің санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобының аға инспекторы – дәрігер – 1 бірлік. Орташа айлық жалақысы – 280 000 теңге.

Жарияланған күні

10 қараша 2026 10:49

Жаңарту күні

10 қараша 2026

Түрі