Досжанов Амангелді Асқарұлы
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы
Жалпы ақпарат, білімі
Арнайы атағы – полиция полковнигі
1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін бітірген.
Мансап
Еңбек жолын ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелерінде бастаған.
2007-2008 жылдары Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Әр жылдары Маңғыстау облысының Түпқараған, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарының ішкі істер бөлімдерінің бастығы, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет еткен.
2018 жылдан бастап – Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2023-2025 жылдары – Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2026 жылдың қаңтар айынан – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті бастығының орынбасары.
2026 жылдың қазан айынан – Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы.