Артқа

Мақанов Мәулен Мұхаметжанұлы

Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Арнайы атағы - полиция полковнигі.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2004 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі - заңгер.

Мансап

1999 жылғы шілдеден бастап 1999 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасының ІІМ бастапқы даярлық училищесінің (Астана қаласы) тыңдаушысы;

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы Астана қаласының ІІБ Жол полициясы басқармасының аға инспекторы лауазымынан бастаған.

2000 – 2013 жылдар аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшы құрам лауазымдарында қызмет атқарған.

2013 жылғы қазан – Көліктегі ІІД Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары.

2019 жылғы мамыр – Көліктегі полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы.

2023 жылғы наурыздан бастап 2026 жылғы сәуірге дейін – Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары.

2026 жылғы сәуірден бастап - Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары.