Артқа

Базаров Ернар Мейрамбекұлы

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Арнайы атағы — полиция полковнигі.

2000 жылы ҚР ІІМ Семей заң колледжін, 2006 жылы М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясын, 2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін бітірген (Семей қ.).

Мансап

1998-2012 жылдары ішкі істер органдарында қызмет атқарды, Шығыс Қазақстан облысы ІІББ жол полициясы бөліністерінде инспектордан тіркеу-емтихан бөлімшесінің бастығына дейінгі лауазымдарды атқарды.

2012-2018 жылдары ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті мен Әкімшілік полиция комитетінің орталық аппаратында тіркеу-емтихан жұмысын ұйымдастыру саласы бойынша және ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор лауазымдарын атқарды.

2018-2022 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы және Семей қаласы Полиция басқармасының бастығы.

2022-2026 жылдары – Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары және бірінші орынбасары. 

2026 жылдан бастап — ҚР ІІМ Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.

Жұмыс бағыттары