Артқа

Аманбек Нұрлан Аманбекұлы

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Арнайы атағы — полиция полковнигі.

2003 жылы ҚР ІІМ Алматы академиясын, 2005 жылы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2023 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген.

Мансап

1998-2019 жылдары Алматы қаласы ІІД түрлі лауазымдарында қызмет атқарды.

2019-2021 жылдары – Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары.

2021-2023 жылдары — Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы.

2023-2024 жылдары — Алматы қаласы Полиция департаменті Метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы.

2024 жылдан бастап — Алматы қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары.