Артқа

Тоқтамысов Нұржан Жалғасұлы

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Арнайы атағы — полиция полковнигі.

2003 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген.
2006 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ды «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген.
2024 жылы Қонаев атындағы университетті магистр дәрежесімен бітірген.

Мансап

2004-2017 жылдары — Алматы қаласы ІІД-нің түрлі лауазымдарында қызмет атқарды.
2017-2022 жылдары — Алматы қаласы Полиция департаменті Арнайы даярлық және жұмылдыру басқармасы бастығының орынбасары.
2022-2024 жылдары — Алматы қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бастығы.
2024-2026 жылдары — ҚР ІІМ ҚАЖК Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары.
2026 жылдан бастап — Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары.