Артқа

Байқұлов Нұржан Жақыпжанұлы

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Арнайы атағы – полиция полковнигі.

Мансап

1996-1998 жылдары – ҚР ГСК АВСШ тыңдаушысы.

1998-1999 жылдары – ҚР ІІМ Алматы заң институтының тыңдаушысы.

1999-2000 жылдары – ҚР ІІМ Академиясының тыңдаушысы.

2000 жылы – Жамбыл облысы ІІБ Байзақ ауданының ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі (аға тергеуші лауазымының есебінен).

2000-2001 жылдары – Жамбыл облысы ІІБ Мойынқұм ауданы ІІБ эксперттік-криминалистикалық тобының сарапшысы (аға сарапшы лауазымының есебінен).

2001-2002 жылдары – Шу ауданы ІІБ штаб бөлімінің кезекші бөлімшесінің бастығының көмекшісі – жедел кезекші.

2002 жылы – Шу ауданы ІІБ тергеу бөлімшесінің анықтаушысы (аға анықтаушы лауазымының есебінен).

2002-2003 жылдары – Шу ауданы ІІБ Шу қ. полиция бөлімінің анықтау тобының анықтаушысы.

2003 жылы – Шу ауданы ІІБ тергеу бөлімшесінің анықтаушысы (аға анықтаушы лауазымының есебінен).

2003-2005 жылдары – Шу ауданы ІІБ анықтау тобының аға анықтаушысы.

2005 жылы – Алматы қ. ІІБ тылдық қамтамасыз ету басқармасының күрделі құрылыс тобының инженері.

2005-2007 жылдары – Алматы қ. ДІБ тылдық қамтамасыз ету басқармасының күрделі құрылыс тобының инженері (ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты).

2007 жылы – Алматы қ. ДІБ тылдық қамтамасыз ету басқармасының күрделі құрылыс тобының аға инженері.

2007-2012 жылдары – Алматы қ. ДІБ тылдық қамтамасыз ету басқармасының қару-жарақ және киім-кешекпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

2012-2013 жылдары – Алматы қ. ДІБ тылдық қамтамасыз ету басқармасының әскери және арнайы қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары (ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты).

2013-2016 жылдары – Алматы қ. ДІБ тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

2016 жылы Алматы қ. ДІБ қарамағына резервке алынды.

2016-2019 жылдары ҚР ІІМ жүйесінде қызмет атқармаған (басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты).

2019-2020 жылдары – Алматы қ. ДП тылдық қамтамасыз ету басқармасының әскери және арнайы қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары.

2020-2022 жылдары – Алматы қ. ДП тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

2022 жылы – Алматы қ. ДП бастығының орынбасары.

2022-2023 жылдары Алматы қ. ДП қарамағында резервте.

2023-2024 жылдары – Алматы облысы ДП күзет қызметін бақылау бөлімшесінің бастығы.

2024 жылы – Алматы облысы ДП тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.

2024 жылдан бастап – Алматы облысы ДП бастығының орынбасары.