Артқа

Садықов Ұлан Ғабитұлы

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

2007 жылы ҚР ІІМ Алматы академиясын бітірген.

Мансап

2003-2007 жылдары – ҚР ІІМ Академиясы заң институтының тыңдаушысы.

2007-2010 жылдары – Алматы облысы Іле ауданы тергеу бөлімінің тергеушісі (аға тергеуші лауазымы есебінен).

2010-2012 жылдары – Алматы облысы Іле ауданы тергеу бөлімінің мүлікке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімшесінде ұрлықтар мен алаяқтықтарды тергеу тобының тергеушісі.

2012-2013 жылдары – Алматы облысы Іле ауданы есірткі бизнесіне қарсы күрес тобының жедел уәкілі.

2013 жылы – Алматы облысы Қарасай ауданы тергеу бөлімі бастығының орынбасары.

2014 жылы – Алматы облысы Іле ауданы анықтау бөлімі бастығы.

2014-2016 жылдары – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бастығының орынбасары.

2016-2017 жылдары – Алматы облысы Қарасай ауданы бастығының орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы.

2017-2021 жылдары – Алматы облысы ПД Текелі қаласы полиция бөлімі бастығы (ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты).

2021-2022 жылдары – Алматы облысы ПД Қапшағай қаласы полиция бөлімінің бастығы.

2022-2022 жылдары – Алматы облысы ПД Қонаев қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы (ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты).

2022-2025 жылдары – ҚР ІІМ Алматы облысы Полиция департаменті Қонаев қаласы полиция басқармасының бастығы.

2025 жылдан бастап – Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.

Жұмыс бағыттары