Стратегиялық қызмет

Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі.
Функциялары:
1) ІІМ қызметтерімен бірлесіп ішкі істер органдарында ақпараттық-талдау жұмысын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, бағдарламалық құжаттарды іске асыру туралы есептік құжаттардың дайындалуын қамтамасыз етеді;
3) ІІО-да жоспарлау практикасын жинақтайды, осы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ІІМ қызметтері мен аумақтық бөлімшелерінің оны жүзеге асыруы жөнінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
4) Есепке алу-тіркеу тәртібін нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді, сондай-ақ осы саладағы ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
5) ІІО жүйесінде жобалық басқару тәсілдерін дамыту бойынша құрылымдық бөлімшелерді үйлестіруді, оларға әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
6) Халықаралық ынтымақтастық саласындағы ІІО қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді және үйлестіруді, сондай-ақ халықаралық құқықтық жұмысты жүзеге асырады.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 26 қыркүйек 2025БағыттарСтратегиялық қызмет
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруСіз шағымның мән-жайын көрсете отырып, «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жүгінуіңіз қажет. Сіздің өтінішіңіз бойынша тексеру жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша полиция нарядының уақтылы келмеу себептері анықталатын болады.
Полиция нарядының кешігуінің бірқатар себептері бар, мысалы: қызметкерлердің жұмыс жүктемесінің тығыздығы, шұғыл қоңыраулардың болуы, оқиға орнының қашықтығы, қолайсыз ауа райы жағдайлары, автокөліктің техникалық ақаулары және т. б.
Шағымның мән-жайын көрсете отырып, «Е-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өндеудің платформасын аумақтылығы бойынша немесе «1402» сенім телефоны арқылы жүгіну қажет.
Егер полиция қызметкерлері құқық бұзушылық туралы өтінішті қабылдаудан немесе тіркеуден бас тартқан жағдайда:
- полиция басшылығына хабарласыңыз;
- азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы «E-otinish» арқылы өтініш бере аласыз;
«1402» сенім телефонына қоңырау шалу қажет.


