Сатыбалдин Азамат Курмантаевич
Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Арнайы атағы — полиция полковнигі.
1994 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген.
2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Мансап
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1996 жылы бастаған. Еңбек жолының басым бөлігі тылдық қамтамасыз ету қызметімен байланысты. Соңғы атқарған лауазымы – ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.