Алдау, кем өлшеу, таразыдан, есептен жеу, ақаулы немесе жалғандық тауарлар: Жаңа заң сатушыны сотқа беруге мүмкіндік береді

            Бүгінгі таңда Мәжілісте тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасы қаралуда. Аталған заң жобасында көптеген жаңалықтар бар. Бірақ айта кететін ең бастысы-тұтынушы құқығы бұзылған кезде, мысалы, ақаулы көлік сатып алғанда немесе электр желісіндегі кернеудің жоғарылауы нәтижесінде тұрмыстық техникасы бұзылса бірден сотқа шағым түсіре алады. Бұл өте маңызды, өйткені ол сатушыларды тәртіпке келтіреді.

            Естеріңізге сала кетейік, қазір тұтынушы бірден сотқа жүгіне алмайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкестұтынушы алдымен дауды сотқа дейін шешуге тырысады. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы алгоритмі жұмыс істейді: 1 кезең – сатушы және дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері, 2 кезең – уәкілетті мемлекеттік органдар, тек 3 кезең – сот.

https://syrboyi.kz/akparat/strong-aldaw-strong-strong-kem-oelshew-tarazydan-strong-strong-strong-strong-esepten-zhew-aqawly-nemese-strong-strong-zhalghandyq-strong-strong-tawarlar-strong-strong-strong-strong-zh-strong-strong-an-154924/

Дата публикации

28 декабря 2023

Дата обновления

28 декабря 2023