«Сапалы өнім»: Түркістан облысы тұтынушыларына сапалы өнімді ұсыну – негізгі мақсат

            Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы таныстырылды.

            Бұл жоба туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Түркістан облыстық филалының ғимаратында өткен баспасөз брифингінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Болатбек Қыстауов мәлім етті. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасын іске асыруды ұсынады. Жобада қоғамдық күштердің елдің ішкі нарығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделеді. Жобаның негізгі бағыты – нормативтердің бұзылуын, тұтынушылардың құқықтарын және жозықсыз бәсекелестікті бұзатын әрекеттерді анықтау – дейді Болатбек Қыстауов.

https://aptamedia.kz/sapaly-nim-t-rkistan-oblysy-t-tynushylaryna-sapaly-nimdi-synu-negizgi-ma-sat/

Дата публикации

28 декабря 2023

Дата обновления

28 декабря 2023