Жиі қойылатын сұрақтар
I деңгейде – сатушының шағымды өз бетінше не дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің қызметтеріне жүгініп қарауы көзделеді. Бұл тетікті заңнамалық тұрғыдан бекітудің негізгі мақсаты-бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, тұтынушыға «осында және қазір шеш» қағидаты бойынша моральдық және материалдық залалды өтеуге белгіленген тәртіпті қайта бағдарлау. Жанжалды жоюға кететін уақыты мен ресурстарын барынша азайту. II деңгейде – шағымдарды уәкілетті орган қарайды. Бұзушылықтарды өз еркімен жоюдан бас тартқан жағдайда, жосықсыз сатушылар жауапкершілікке тартылады. III деңгей – шағымды соттың қарауы. Сотқа дейінгі реттеу институтын енгізуді ескере отырып, соттарға екі тараптың ымыралы шешімін таппаған даулар келіп түсетін болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14-бабына сәйкес, сатып алушы өзіне азық-түліктік емес тауар берілген кезден бастап, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, 14 күн ішінде, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) жариялаған өзге де орындарда, бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, фасондағы, түстегі, жиынтықтағы және сол сияқты соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы. Айырбастау «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 30-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтаруға және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы. Егер шартта басқаша қарастырылмаса, тауарды сатып алу орны тауарды айырбастау немесе қайтару орны болып табылады. Анықтама: Әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ӘҚБтК 190 – бабы (жауапты орган – ТҚҚК) – тауарды тұтынушыға берген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастауды және қайтаруды қамтамасыз етпегені үшін.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша: 1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді; 2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды; 3) тауардың кемшіліктерін жою үшін өз шығындарын өтеуді; 4) ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды; 5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды; 6) шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Анықтама: Әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ӘҚБтК 190 – бабы (жауапты орган – ТҚҚК) – кепілдік мерзімі ішінде, егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленбесе, тауарды тұтынушыға берген күннен бастап екі жыл шегінде сапасы лайықсыз тауарды айырбастауды және қайтаруды қамтамасыз етпегені үшін.