«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына өзгеріс енгізу туралы жобасы

Жоба

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

24
 

Тұтынушылық шарттар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін бизнестің жауапкершілігі туралы заңнаманы дамыту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жылғы маусым

СИМ, ҰЭМ, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі                                                      Ә. Смайылов

 

Жарияланған күні

01 желтоқсан 2022 09:31

Жаңарту күні

01 желтоқсан 2022

Түрі
Бағыттар