Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі–Комитет), 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11, анықтама телефоны: 75-06-78, 87077303042, электрондық поштасы:sa.seitkanova@mti.gov.kz,Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің"Ұлттықаккредиттеу орталығы"шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына– 1 бірлік,орналасуға конкурс жариялайды,мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтанқ., Мәңгілік ел даңғылы, 11, телефондары98-37-08, 98-37-19. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеуаясындағыөндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Практикалық тәжірибесі:мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), материалтану және жаңа материалдар технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), машина жасау, аспап жасау) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы).

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін мемлекеттік органдардың актілерін білу, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Еңбек, Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы", "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы", "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Стандарттау туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңдарын, "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібін, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу мен жасасуды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібінбілу.

Функционалдық міндеттері:

Мыналарды қамтамасыз ету қажет:

кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бекітілген ағымдағы, перспективалық және стратегиялық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты жұмыс істеуі;

кәсіпорынға бекітілген мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;

уәкілетті орган жеткізетін мемлекеттік тапсырысты орындау;

салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (оның ішінде зейнетақы қорларын), сондай-ақ кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысын уақтылы төлеу;

шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза табысының тиісті бөлігін немесе кәсіпорынның сметадан тыс алған кірісін мемлекеттік бюджет кірісіне аудару;

кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін орындау;

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, кәсіпорынды басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану, шарттық тәртіпті, кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын нығайту;

тиісті саланың уәкілетті органына қаржы-шаруашылық есептілік туралы мәліметтерді ұсыну.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын электронды түрдеsa.seitkanova@mti.gov.kz электрондық почта мекенжайына,2022 жылғы 24 наурыздан бастап, қоса алғанда 7 сәуірге дейінтапсырады.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттардың тізімі Комитеттіңhttps://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm?lang=ruинтернет-ресурсында орналасатын болады.

Сұхбаттасу өткізу күні2022 жылғы 15 сәуір, өткізу орны: қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы, бұл туралы кандидаттарға қосымша хабарланады. 

Жарияланған күні

24 наурыз 2022

Жаңарту күні

30 наурыз 2022