Жиі қойылатын сұрақтар

Мәселен, 2021 жылғы 21 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы 2019 жылғы 22 қарашадағы Келісім күшіне енді. Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аумағында зергерлік бұйымдардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін үшінші елдерден әкелінген "Барыс басы" рәмізі мен "KZ" Қазақстан Халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбасы болмаса, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуге жол берілмейді.

Сондай-ақ бұйымдағы атаулы таңбаның және сынамалық таңбаның болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылады, сондай-ақ зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде қолдан жасалған материалдарды пайдаланған кезде жапсырмаларда осы тастың бағалы емес екендігі туралы ақпарат көрсетілуге тиіс.

Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көзделген зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген критерийлеріне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.