Бірыңғай тексеру аралық интервалды бекіту туралы
№ 156-од от 11.05.2020
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ |
КОМИТЕТ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ И МЕТРОЛОГИИ МИНИСТЕРСТВА ТОРГОВЛИ И ИНТЕГРАЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
____________________________ № _______________________ Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Бірыңғай тексеру аралық
интервалды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту қағидаларының 28-тармағына сәйкес, сондай-ақ метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның 2020 жылғы 14 сәуірінің №2 хаттамасы негізінде тұрмыстық газ есептегіштері үшін бірыңғай тексеру аралықты белгілеу мәселесі бойынша БҰЙЫРАМЫН:
Тұрмыстық газ есептегіштердің барлық түрлері үшін бірыңғай тексеру аралық интервал орнатылсын:
- Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе тізімінде бұрын тіркелген салыстырып тексеру аралығы 5 және одан жоғары жыл болатын тұрмыстық газ есептегіштеріне бірыңғай салыстырып тексеру аралығы 5 жыл болып бекітілсін;
- Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе тізімінде бұрын тіркелген салыстырып тексеру аралығы 5 жылдан төмен жылу есептегіштеріне салыстырып тексеру аралығы өзгеріссіз қалдырылсын.
- Салыстырып тексеру кезінде сертификаттарды ресімдеу кезінде 5 жылдан аспайтын бірыңғай тексеру аралық интервал орнатылсын.
- «Қазақстан метрология институты» РМК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін, сондай-ақ осы ақпаратты ресми сайтқа орналастырсын.
- Осы бұйрық күшіне енгенге дейін берілген салыстырып тексеру туралы сертификаттар сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін жарамды.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғ-Б.О. Мейірбаеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Шаккалиев
Согласовано
06.05.2020 15:16 Мейрбаева Галия-Бану Ондасыновна
06.05.2020 15:20 Токушев Канат Кайратович
06.05.2020 15:46 Нурдаулетова Жаннетта Бакытовна
Подписано
06.05.2020 17:04 Шаккалиев Арман Абаевич
2562
12 мамыр 2020 00:00
12 мамыр 2020