Жылу есептегіштері үшін бірыңғай тексеру аралық интервалды бекіту туралы
№ 159-од от 12.05.2020
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ |
КОМИТЕТ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ И МЕТРОЛОГИИ МИНИСТЕРСТВА ТОРГОВЛИ И ИНТЕГРАЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
____________________________ № _______________________ Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Жылу есептегіштері үшін
бірыңғай тексеру аралық
интервалды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту қағидаларының 28-тармағына сәйкес, сондай-ақ метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның 2020 жылғы 14 сәуірінің №2 хаттамасы негізінде жылу есептегіштері үшін бірыңғай тексеру аралықты белгілеу мәселесі бойынша БҰЙЫРАМЫН:
Жылу есептегіштердің барлық түрлері үшін бірыңғай тексеру аралық интервалы орнатылсын:
- Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе тізімінде бұрын тіркелген салыстырып тексеру аралығы 4 және одан жоғары жыл болатын жылу есептегіштеріне бірыңғай салыстырып тексеру аралығы 4 жыл болып бекітілсін;
- Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе тізімінде бұрын тіркелген салыстырып тексеру аралығы 4 жылдан төмен жылу есептегіштеріне салыстырып тексеру аралығы өзгеріссіз қалдырылсын.
- Салыстырып тексеру кезінде сертификаттарды ресімдеу кезінде 4 жылдан аспайтын бірыңғай тексеру аралық интервалы орнатылсын.
- «Қазақстан метрология институты» РМК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін, сондай-ақ осы ақпаратты ресми сайтқа орналастырсын.
- Осы бұйрық күшіне енгенге дейін берілген салыстырып тексеру туралы сертификаттар сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін жарамды.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғ-Б.О. Мейірбаеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Шаккалиев
Согласовано
12.05.2020 12:24 Нурдаулетова Жаннетта Бакытовна
12.05.2020 12:28 Токушев Канат Кайратович
12.05.2020 17:06 Мейрбаева Галия-Бану Ондасыновна
Подписано
12.05.2020 18:22 Шаккалиев Арман
428