Бірыңғай салыстырып тексеру аралық интервалын бекіту туралы
№ 150-од от 06.05.2020
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ |
КОМИТЕТ ТЕХНИЧЕСКОГО РЕГУЛИРОВАНИЯ И МЕТРОЛОГИИ МИНИСТЕРСТВА ТОРГОВЛИ И ИНТЕГРАЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
____________________________ № _______________________ Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Бірыңғай салыстырып тексеру аралық
интервалын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту қағидаларының 28-тармағына сәйкес, сондай-ақ метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның 2020 жылғы 14 сәуірдегі №2 хаттамасы негізінде деңгейөлшеуіштер (механикалық, гидростатикалық, электрлік (сыйымдылық), акустикалық, радарлық, рефлексті микротолқынды (толқындық)) үшін бірыңғай салыстырып тексеру аралық интервалын белгілеу мәселесі бойынша БҰЙЫРАМЫН:
- Деңгейөлшеуіштердің барлық түрлері үшін бірыңғай салыстырып тексеру аралық интервалы орнатылсын:
1) Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе тізімінде бұрын тіркелген салыстырып тексеру аралық интервалы 3 және одан жоғары жыл болатын деңгейөлшеуіштеріне бірыңғай салыстырып тексеру аралық интервалы 3 жыл болып бекітілсін;
2) Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйе тізімінде бұрын тіркелген салыстырып тексеру аралық интервалы 3 жылдан төмен деңгейөлшеуіштеріне салыстырып тексеру аралық интервалы өзгеріссіз қалдырылсын.
- Салыстырып тексеру кезінде сертификаттарды ресімдеу кезінде 3 жылдан аспайтын бірыңғай тексеру аралық интервалы орнатылсын.
- «Қазақстан метрология институты» РМК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін, сондай-ақ осы ақпаратты ресми сайтқа орналастырсын.
- Осы бұйрық күшіне енгенге дейін берілген салыстырып тексеру туралы сертификаттар сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін жарамды.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғ-Б. О. Мейрбаеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Шаккалиев
Согласовано
30.04.2020 18:36 Токушев Канат Кайратович
30.04.2020 20:01 Мейрбаева Галия-Бану Ондасыновна
Подписано
05.05.2020 12:59 Шаккалиев Арман Абаевич
580
07 мамыр 2020 00:00
07 мамыр 2020