Ұлттық аккредиттеу орталығы
Ұлттық аккредиттеу орталығы туралы
Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған (ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы №773 «Аккредиттеу жөніндегі органдарды анықтау туралы» қаулысы) сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу жөніндегі жалғыз ұлттық орган болып табылады.
ҰАО өз қызметін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау аясындағы аккредиттеу туралы» Заңына, ИСО/МЭК ҚР СТ 17011 «Сәйкестікті бағалау бойынша органдарды аккредиттеу және бағалауды жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптар» стандартына, ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сонымен қатар аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым талаптарына сәйкес жүзеге асырады.