ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
236 338
- Геология
- Филология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Кадастр
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: география
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдалану саласындағы шаруашылық және басқару қызметінің негіздері мен талдауын білу.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге арналған лицензияны беру/бас тарту туралы өтініштерді қарау және ұсыныстарды дайындау; қайта рәсімдеу бойынша ұсыныстарды пысықтау немесе уранды өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіруге арналған лицензияны қайта рәсімдеуден бас тарту; ерекше құқық бойынша лицензияны беру\ бас тарту туралы өтініштерді қарау және ұсыныстарды дайындау; бірдей басымдылығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізуді дайындау және ұйымдастыруды жүзеге асыру; пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөнінде операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізуді дайындау және ұйымдастыруды жүзеге асыру; жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимге ауысу бойынша комиссия жұмыстарын ұйымдастырады; ұстап тұру мәртебесі бойынша жұмыс бағдарламаларын келісу; берілген лицензиялар тізілімін енгізу және оларға қолжетімділігін қамтамасыз ету; ҚПҚ өндіруге арналған лицензияны беру мәселелерін қарау кезінде мемлекеттік сараптаманы жүргізу немесе жобалау құжаттарды келісу қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу; жер қойнауын пайдалану құқығын беру бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету; тау-кен жұмыс жоспарын келісу, жою жоспарына сараптама жүргізу қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу және оны құзыретті органның интернет ресурсында орналастыру; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету; мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылылығын бақылау; мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі объектілерді айқындау бөлігінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуға өтініштерді қарау; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жобасына құқықтық және экономикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдердің жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерінің жобасын дайындау; Қазақстан Республикасы атынан пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасасуды ұйымдастыруды жүргізу; жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссиялардың, оның ішінде үкіметаралық комиссиялардың және арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмысына қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64