ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы Көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-6 санаты
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Қарағанды облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Құқықтану
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі (практикалық кейстер).
Функционалды міндеттер
Теміржол және су көлігі саласында жеке және заңды тұлғалардың Теміржол және су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың талаптарын сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметтер көрсету; теміржол және су көлігі саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты профилактикалық бақылауды және жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу; теміржол және су көлігіндегі қауіпсіздіктің бұзылуына мониторинг және талдау жасау; әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңдарды қолдану; жасанды құрылыстар мен жолдың жоғарғы құрылысын пайдалану мен күтіп-ұстауға және жолдың жоғарғы құрылысының жоғары жағына бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады (магистральдық, станциялық және кірме жолдар); Теміржол көлігіндегі жолдар мен жасанды құрылыстардың жай-күйі мен жоғарғы құрылысына талдау және теміржол магистральдық және станциялық жолдардың жоғарғы құрылысын күтіп-ұстау бойынша мониторинг жүргізу; өзен көлігі мен шағын көлемді флотқа, порт құрылыстарына мониторингті жүзеге асыру; кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру; флоттағы авариялардың алдын алу жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын іске асыру.
Кеме қатынасы су жолдарының жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру, теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларына, сондай-ақ, поездар қозғалысының қауіпсіздігін бақылау аспаптарының жұмысы туралы мониторинг жүргізі; сондай-ақ, ұқсас оқиғалардың алдын алу немесе олардың салдарын азайту мақсатында теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу, бақылау қызметін жақсарту және тиімділігін арттыру және теміржол, су көлігіндегі қауіпсіздіктің бұзылуының алдын алу жөніндегі шаралар жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Инспекция ережесіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.09.2021
- Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Гапеев көшесі, 5 (онлайн режимде)
-
87172983607, 87013106333