ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Қазақстан Республикасының порттарының теңіз әкімшілігінің Портты қадағалау және кемелерді тіркеу бөлімі, С-О-5 санаты (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Теңіз техникасы мен технологиялар
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі (практикалық кейстер).

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасы тарапы болып табылатын халықаралық теңіз Конвенциялары мен келісімдері саласындағы қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру, бұзушылықтардың алдын алу және жазалау жөнінде шаралар қабылдау;

Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімін, Қазақстан Республикасының бербоут-чартерлік тізілімін және халықаралық кеме тізілімін жүргізу және кемелерді мемлекеттік тіркеу, тиісті кеме құжаттарын беру;

Кемеге және жасалып жатқан кемеге меншік құқығын, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің кепілін және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттік тіркеу, тиісті құжаттар беру;

Кеме құжаттарын, дипломдарды, біліктілік куәліктерін және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растауларды тексеру;

Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу тәртібі туралы талаптардың сақталуын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

Кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын ресімдеу;

Лоцмандық қызмет көрсету жұмысын және кемелер қозғалысын басқару жүйесін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

Теңізде суға батқан мүлікті көтеруге рұқсат беру;

Портта құрылыс, гидротехникалық және өзге де жұмыстар жүргізуге рұқсат беру;

Теңіз көлігі саласындағы уәкілетті органды көлік оқиғасы туралы хабардар ету, кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған оқиғаларды тергеп-тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүргізу үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді жинау;

Теңіз портының аумағында мемлекеттік (шекаралық, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, ветеринариялық Мемлекеттік кірістер органдарының және басқалардың) орналасқан жерін белгілеу;

Порт құрылыстарының техникалық жай-күйін және олардың пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалар жасау, іс жүргізу;

Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

Мемлекеттік органдарға авариялық жағдайлар мен көлік оқиғаларының, су көлігін пайдалану тәртібін бұзудың алдын алу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

Порт құрылыстарының қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда теңіз кемелерін әкімшілік ұстауды, теңіз кемелерінде тексерулерді жүргізу;

Кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

Жеке және заңды тұлғалардың су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, олардың бұзылуын анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау;

Өз құзыреті шегінде тексерулер нәтижелері бойынша актілер жасау және су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын, стандарттары мен нормаларын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізу;

Кемеде кеме құжаттарының болуын тексеруді жүзеге асыру;

Кемені пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстауды жүзеге асыру;

Кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қатер төнген кезде кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және тыйым салуды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігінің қызметі туралы PSC-1 ай сайынғы есебін Көлік комитетіне ұсыну;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтау;

Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.09.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.09.2021 – 23.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.09.2021

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының порттарының теңіз әкімшілігі, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 1-микрорайон, 1-ғимарат (онлайн режимде)

Анықтама алу үшін байланыс

 87172983607, 87013106333