Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы Көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы, (2023 жылғы 29 шілдесіне дейін бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкер жұмысқа қосылуына дейін) уақытша бос лауазым С-О-5 санаты (лауазым индексі №18)
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Ақтөбе облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар
- Көлік қызметтері
- Құқық (білім саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
Функционалды міндеттер
Автокөлік құралдарының рұқсаттық жүйесі бойынша талаптарының орындалуын бақылау, автокөлік құралдарының салмақ және көлем өлшемдерін, жүктердің халықаралық тасымалдауын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың қызметін, қауіпті жүктерді тасымалдауды бақылау, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау құқығына тендерлерді ұйымдастыруда конкурс алдындағы және конкурстық комиссия құрамына қатысу. Жеке және заңды тұлғалар тарапынан көлік заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау. Жүктердің халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәліктердің және автокөлік құралына рұқсат беру карточкаларының болуын белгіленген тәртіппен тексеру. Өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуына бақылауды жүргізу. Автомобиль көлігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының, автомобиль көлігіндегі жұмыс жасау тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасы тарапынан бекітілген халықаралық шарттардың автомобиль көлігіндегі кәсіпкерлік субъектілер тарапынан сақталуы үшін тексерулер жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес әкімшлік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыру және хаттама мен қаулыларды толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.08.2021
- online режимінде
-
+7 (7172) 983542