ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Көлік құрылысы

Функционалды міндеттер

Консультациялық қызметтерді, құрылыс жұмыстары мен тауарларды сатып алу бойынша халықаралық конкурстық рәсімдерді өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; инвестициялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін және жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету үшін бақылауды жүзеге асыру; Комитеттің ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру; жерлерді сатып алуға және өндіріп алу мен қоныс аударуды ұйымдастыру жұмыстарына бюджеттік өтінімдердің әзірленуіне бақылауды жүзеге асыру; Халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын жобаларға мердігерлер мен консультанттарды таңдауға конкурстық құжаттаманы әзірлеуді үйлестіру; Халықаралық қаржы институттарымен қарыз қаражатын тарту жөніндегі келіссөздерге қатысу; қарыз туралы келісімдерге қол қою және ратификациялау үшін тиісті жұмыстарды жүргізу; қарыздардан қаржыландыру шеңберінде мердігерлердің шарттарына, инженерлік және консультациялық қызметтерді көрсету шарттарына, техника-экономикалық негіздемелерді әзірлеу бойынша қызметтерді көрсету шарттарына және техника-экономикалық негіздемелерді әзірлеу бойынша орындалған жұмыстардың актісіне қол қою; инвестициялық жобаларды қаржыландыруға инвестициялық ұсыныстарды және бюджеттік өтінімдерді дайындау және қорғау; экология және қоныс аудару бөлігінде қарыз туралы келісімдерде көзделген қарыз алушының алдындағы міндеттемелердің орындалуын үйлестіру; концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру; концессиялық жобаларды іске асыру жоспарларының әзірленуін үйлестіру; Мемлекет Басшысының жыл сайынғы жолдауларын іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспардың шеңберінде анықтамаларды, есеп жобаларын, Үкіметке, Министрліктің және Комитеттің басшыларына ұсыну үшін Комитеттің мәселелеріне жататын Министрліктің бағдарламалық құжаттарын, стратегиялық, операциялық жоспарларын дайындау жұмыстарын үйлестіру; Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» халықаралық рейтингісімен байланысты Комитеттің мәселелеріне жататын стратегиялық индикаторлар бойынша тармақтарын әзірлеу және орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру; Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының, Министрліктің және Комитет басшыларының Қазақстан өңірлеріне шығатын сапарларына материалдарды дайындау жұмыстарын үйлестіру; автожол саласын дамытудың негізгі бағыттары бойынша материалдар дайындау жұмыстарын үйлестіру; кезеңдік есептерді мерзімінде және белгіленген нысандарда дайындау, тексеру, бақылау жұмыстарын жүзеге асыру; «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен, «ҚазжолҒЗИ» акционерлік қоғамымен және «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.06.2021 – 08.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

87172-983356