ҚР ИИДМ Жобаларды басқару департаментінің (Жобалық кеңсе) директоры

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Математика
  • Халықаралық қатынастар
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Қосымша талаптар

 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Мүмкіндігінше: жоғары басқарушылық құзыреттілік; жоғары интеллектуалдық және басқарушылық жүктемелермен ұштасқан жоғары ұтқырлық; талдамалық қабілеті болуы; үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары; шет тілін білуі; жобаларды басқару саласындағы отандық және халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы немесе жобаларды басқару курстарынан өткендігі туралы сертификаттың болуы. Soft-skills дағдылары бойынша сертификаттың болуы құпталады: көпшілік алдында сөз сөйлеу, келіссөздер мен презентациялар өнері, эмоциялық интеллект, креативті ойлау, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Департаментке жалпы басшылық ету; Департамент қызметін үйлестіру және бақылау; Департамент қызметінің дамуын және тиімді жұмыс істеуін жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің құжаттарды орындау сапасын қамтамасыз ету және еңбек тәртібін сақтауын бақылау; Министрлікте жобаларды басқару жүйесін енгізу және дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; жобалық басқару әдістері негізінде Министрліктің жұмысын жетілдіруге бағытталған бастамалардың іске асырылуын қамтамасыз ету; Министрліктің стратегиялық бағытын ескере отырып, жобаларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау; жобалық басқару мәселелері бойынша басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау процесінде Министрлікте құрылымдық бөлімшелердің тиімді өзара іс-қимылына жәрдемдесу; басым жобалар портфелін басқаруды, сондай-ақ басым жобаларды іске асыру барысы туралы есептерді басшылыққа ұсынуды қамтамасыз ету; Департаменттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру; Министрліктің бірінші басшысын және оның тапсырмасы бойынша Министрлік басшылығын Департаменттің құзыретіне кіретін қажетті талдамалық, ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету; Министрдің сөздеріне баяндамалар, талдамалық баяндамаларды, ақпараттық, таныстыру және өзге де материалдар мен тезистерді дайындау; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, нұсқаулық-әдістемелік материалдардың және өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу және қарау; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша; Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.06.2021 – 08.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-56