ҚР ИИДМ Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Құрылыс
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Көлік құрылысы
  • Өрт қауіпсіздігі
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Размер представленных файлов посредством электронной почты не должен превышать 10мб

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік құпияларға рұқсат рәсімделуі тиіс қызметкерлердің лауазымдар номенклатурасын әзірлеуге және оны тиісті органдармен келісуге қатысу; құпия тасушылардың ішінен шетелдерге қызметтік іссапарға жіберілетіндерге нұсқаулық жүргізу; құжаттардың құндылығын сараптауға қатысу; министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде құпиялық режимнің сақталуын тексеруге қатысу; құпиялық хат-хабарларды қабылдау мен жіберуді жүзеге асыру; орындаушыларға құпия құжаттарды беру; министрлік бойынша құпия іс номенклатурасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатымен келісу; құпия құжаттардың бар болуын жартыжылдық және жылдық тексерулерге қатысу; арнайы байланыстың қауіпсіздігін ұйымдастыруға қатысу, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы іс-шаралар жоспарын дайындауға, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға қатысу. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық құжаттарды іске асыру жөніндегі есептерді дайындау; жергілікті-есептік желінің қауіпсіздігін мониторингілеу; кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл; ақпараттық қауіпсіздік жағдайын тексеру және алдын алу іс-шараларын жүргізу; министрліктің АЖ осалдықтарын жою бойынша жұмыстарды анықтау және үйлестіру; басқарманың құзіреттілігіне  кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын дайындау; басқарманың құзіреттілігіне  кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; басқарманың құзіреттілігіне  кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және дайындауға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.09.2020 – 25.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-56