ҚР ИИДМ Жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпарат және ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Экология
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Машина жасау
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Министрліктің жұмыс жоспарын, Жер қойнауын пайдалану департаменті, Басқарманың  жұмыс жоспарларын орындауды жүзеге асырады; құжаттарды мұрағатқа тапсырғанға дейін тіркеуді, есепке алуды және сақтауды орындайды;Азия елдерімен, Таяу Шығыс елдерімен, Кедендік одақ елдерімен  минералдық шикізат ресурстары нарығын дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты өзара тиімді ұйымдастыруға қатысады; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасауға арналған өтініштерді қараумен айналысады; пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасау бойынша жұмыс топтың отырысын ұйымдастырады және жүргізеді; пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы құқықтық және экономикалық сараптамалардың келісім жобасын жүргізуді ұйымдастырумен айналысады; пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімдердің жобалары бойынша ҚР Үкіметінің шешімдері жобаларын дайындайды;пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімді Қазақстан Республикасы атынан қорытындыны ұйымдастыруды жүргізеді;комиссиялардың, оның ішінде Үкіметаралық комиссияның  және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмыстарына қатысады; өз құзіреттілігі шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын, халықаралық келісімдер, өзара түсіністік туралы меморандумдар, салаларда реттейтін ынтымақтастық туралы хаттамаларды әзірлеу және келісу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламентіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процестерін автоматтау және оңтайландыру бөлігіндегі ұсыныстарды пысықтауды жүзеге асырады; саланы дамыту үшін имидждік саясатқа жұмыстарды ұйымдастырады; Басқарма құзіреттілігіне кіретін хаттармен, азаматтардың өтініштерін, ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады; Департамент құзіреттілігі шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеумен және келісумен айналысады; құзіреттілігі шеңберінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласында заңнамалық нормаларды түсіндіруге қатысады; Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының стандартын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады,Министрліктің басшылығы мен Жауапты хатшының, департамент басшылығының тапсырмаларын орындайды.

Жарияланған күні: 25.06.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2020 – 30.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

    Анықтама алу үшін байланыс

    (8-7172) 98-33-56