Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ашық НҚА» порталында реттеушілік ықпал ету талдауының нәтижесі орналастырылатынын хабарлайды

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу қызметтеріне бағалар мен тарифтерді реттеуді енгізуді көздейтін Құрылтай депуттарының бастамасы көтерілген заңнамалық актілерге түзетулер шеңберінде әзірленген реттеушілік әсерді талдау нәтижелері ағымдағы жылғы 11–13 қараша аралығында «Ашық НҚА» порталында орналастырылатынын хабарлайды.
Осы мемлекеттік реттеуді енгізу шикізат тауарларын қайта өңдеу тиімділігін арттыруға, рентабельділігін жоғарылатуға, сондай-ақ шығындарды есептеудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.