2018 жылы Ақтау халықаралық әуежайы 1 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті

2018 жылы Ақтау халықаралық әуежайы 1 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті

Әуе айлағы Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының әуежайларынан кейін жолаушыларды тасымалдау көлемі бойынша республикада үшінші орында. Бұл туралы Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев мәлімдеді.

"Жолаушылар терминалының өткізу қабілеті сағатына 450 жолаушыны құрайды, жалпы ауданы VIP және CIP залдарын қоса алғанда 13 400 ш.м. Терминал барлық заманауи құралдармен және жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі уақытта ұшу-қону жолағы әуе кемелерінің барлық түрлерін шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні әуежай7 ішкі бағыт бойыншатұрақты ұшуларды қамтамасыз етеді. Нұр-сұлтан (Skat, Эйр Астана, Бек Эйр), Алматы (Skat, Эйр Астана, Бек Эйр), Орал (Skat, Бек Эйр), Шымкент (Skat, Бек Эйр), Атырау (Skat, Эйр Астана, Қазақ Эйр), Ақтөбе (Skat) және Көкшетауда субсидияланатын, оған қоса 8 халықаралық(Мәскеу (Skat), Стамбул(Skat, AtlasJet), Минеральные воды (Skat), Краснодар (Skat), Астрахань (Skat), Махачкала (Skat), Тбилиси (Skat) және Баку (Skat)", - деп хабарлады өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту туралы есебінде вице-министр.

Сонымен қатар, Берік Камалиев Маңғыстау облысының көлік инфрақұрылымының маңызды әлеуетін ерекше атап өтті. Атап айтқанда, Республикалық маңызы барЖетібай-Жаңаөзен (73 км)жәнеБейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасыавтожолдарының учаскелерін қайта жаңарту бойынша жалпы құны20,7 млрд. теңгеболатын(Нукуске) (85км)құрылысы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Автожолдардың жергілікті желісін дамытуға ағымдағы жылы25,5 млрд.теңгебөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферт22,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен3,2 млрд. теңгетрансферттер бөлінген. Бөлінген қаражат есебінен3 қайта жаңарту жобасыбойынша"МАЭК"су жинағыш каналынан"Құрық" паром кешенінедейінгі а/ж - 18 000 млн. теңге; "Жаңғылды-Шайыр-Шерқала жері" а/ж - 505,4 млн. теңге; "Ата-жолы" а/ж 51-97 км (2 кезең) – 2 041, млн. теңге және жалпы ұзындығы 184 кморташа жөндеу бойынша 6 жоба:"Шетпе-Үштаған"а/ж 6-60 – 555,9 млн. теңге;"Ақтау-Форт-Шевченко-Қаламқас" 88 км -154 км-53,9 млн. теңге;"Қызылсай-Сенек" 13,262-31 – 200,3 теңге; "Қызан-Ақшымырау"14,7 км – 143,1 млн. теңге;"Шетпе-Тиген-қызақ"0-21 км – 185,2 млн. теңге;"Форт-Шевченко-Таушық-Шетпе"0-13 км, 13-26 км, 26-39 км, 39-52 км, 52-65 км, 65-79 км, 79-91 км-588,7 млн.теңгені құрайтын жобалар іске асырылуда. Жалпы облыс бойынша автожол жобаларын қаржыландырудың жалпы көлемі46,8 млрд.теңгеніқұрайды.

"Сонымен қатар, 2025 жылға дейін "Нұрлы жол" жаңа мемлекеттік бағдарламасына Республикалық маңызы бар"Жаңаөзен-Кендірлі-Түркменстан шекарасы" (164 км)автожолын қайта жаңарту бойынша шамамен құны50млрд. теңгені құрайтынжобаларды, Құрық кентін айналып өту арқылы  құны шамамен құны11,2 млрд. теңгені құрайтын  ұзақтығы 64 км болатын"Құрық-Жетібай"учаскесін күрделі жөндеуден өткізуді енгізу жоспарлануда",-деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, Берік Камалиев Ақтау халықаралық теңіз сауда портын және Құрық мультимодальды кешенін дамыту туралы айтып берді. Порттық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде бүгінде теңіз порттарының өткізу қабілеті 27 млн.тоннаға дейін жеткізілді. Атап айтқанда, басты жүктерді өңдеу бойынша қуат 2 есеге, паром жүктері бойынша қуат 4 есеге артты. Ағымдағы жылдың 5 айында теңіз порттары арқылы 2,6 млн.тонна жүк тасымалданды, оның ішінде: Ақтау порты арқылы 1 453 млн. тонна, Солтүстік терминал арқылы 520 мың тонна, Құрық порты арқылы 633 мың тонна тасымалданды.