ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҒЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Автомобиль, теміржол, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1205 және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 823 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ.

Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы № 129-VII Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы өкімнің жобасына сәйкес өзгерістер енгізу туралы бұйрық.

Жоба 2022 жылғы 29 шілде де «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14169421).

 

 

 

Жарияланған күні

08 тамыз 2022

Жаңарту күні

08 тамыз 2022