ҚР ИИДМ «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп көлік бойынша интерактивті карта жасады

Көлік бағыттары мен дәліздерінің қолжетімділігі туралы халықты барынша ақпараттандыру мақсатында Министрлік «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, көлік желілерінің қолжетімділігі (жабық және ашық бағыттар) туралы интерактивті карта жасады.  
 
Осы карта арқылы тұрғындар нақты уақыт режімінде қандай да бір жол бағыттарының қолжетімділігін (әуе көлігі, теміржол көлігі, автокөлік) қарап отыра алады.  
 
Картаны www.ismet.kz/ru/infotransport ресурсында қарауға болады.  

Жарияланған күні

01 сәуір 2020

Жаңарту күні

01 сәуір 2020