««Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫНА

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.Склярдың            2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 17-13/06-340 (2.3 т.) тапсырмасын орындау үшін ««Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық) әзірледі.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты электр көлігінің өсуін ынталандыру болып табылады.

Бұйрық 2021 жылғы «2» желтоқсанда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13559444).

 

Жарияланған күні

06 желтоқсан 2021

Жаңарту күні

06 желтоқсан 2021