«АУЫЛДА, КЕНТТЕ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ТҰРҒЫНЖАЙ САЛҒАН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«АУЫЛДА, КЕНТТЕ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ТҰРҒЫНЖАЙ САЛҒАН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫНА

(БҰДАН ӘРІ – ҚАУЛЫ) БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 61.3-тармағын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Е.Ж.Қошановтың 2021 жылғы 13 наурыздағы № 21-01-38 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 729 қаулысымен бекітілген «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жоспар – кестенің 12-іс-шарасының 2-міндетіне сәйкес әзірленген.

Бұйрық 2021 жылғы 3 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=12689984).

 

 

Жарияланған күні

08 қараша 2021

Жаңарту күні

08 қараша 2021