Хабарландыру инвестициялық жобаға инвестор іздеу бойынша конкурс өткізу мерзімдерін ұзарту туралы

Көру саны:149
010000, Қазақстан Республикасы, Нұр – Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12а мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі-Компания) осымен «Орта Дересін ауылындағы әскери қалашық объектілерін жобалау және салу» инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестор іздеу жөніндегі конкурс бойынша конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімдерінің ұзартылғаны туралы хабарлайды
- 1. Инвестициялық жобаның атауы: «Орта Дересін кентіндегі әскери қалашық объектілерін жобалау және салу» (бұдан әрі – Инвестициялық жоба).
- 2. Нысанның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы;
- Инвестициялық жобаның құны: 32,5 млрд. теңге.
Түпкілікті құны инвестициялық жобаға жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленгеннен кейін айқындалатын болады.
- 4. Негізгі міндеттері:
1) Инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына «Мемсараптама» РМК қорытындысын әзірлеу және алу;
2) Орта Дересін кентінде әскери қалашық объектілерін салу;
3) қажетті жабдықтарды сатып алу.
- 5. Инвестордың шығындарын өтеу: пайдаланылмайтын мүлікті (әскери мүлікті) сатудан түскен қаражат есебінен.
- Инвесторды айқындау өлшемшарттарын белгілейтін заңды тұлғаларға (олардың бірлестіктеріне) қойылатын біліктілік талаптары:
1) Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті және «ВВ-» төмен емес халықаралық рейтингі бар банктердің хаттарымен расталған жобалау құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға, жабдықтарға, құрылыс-монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруге және басқа да шығыстарға ақы төлеуді қамтамасыз ету үшін қаржы қаражатының және қаржыландыру көзіне қолжетімділіктің болуы;
2) қару-жарақтың халықаралық нарығында қару-жарақты жеткізуге жасалған келісімшарттармен расталатын жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) азаматтық және/немесе әскери мақсаттағы объектілерді жобалау және салу жөніндегі жұмыстарды орындауға жасалған келісімшарттармен расталатын объектілерді жобалау мен салуда тәжірибесінің болуы;
4) салықтық және кредиторлық берешектің болмауы;
5) әлеуетті инвестордың құқық қабілеттілігі.
- Әлеуетті инвесторлардың конкурстық өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімі: әлеуетті инвесторлардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық өтінімдерді қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Конкурстық өтінімдерді ұсыну мекенжайы: «Қазақстан Инжиниринг «Ұлттық Компаниясы» АҚ: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12А, электрондық мекенжайы ke@ke.kz.
- Инвестор іздестіру жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ шотына кепілдік ақшалай жарна түрінде 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде енгізіледі (БСН: 030440000693, ЖСК KZ82914012203KZ00BMM, БСК: SABRKZKA, «Сбербанк» АҚ ЕБ (KZT), Кбе: 16) немесе «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-дан төмен емес халықаралық рейтингі бар банк шығарған банктік кепілдік беру BB -».
- Инвесторды іріктеу шарттары мен тәртібі.
Қызығушылық танытқан жағдайда әлеуетті инвесторлар компанияға конкурстық құжаттаманы ұсынуға сұрау жібереді.
2021 жылғы 9 қазанда әлеуетті инвесторлардан конкурстық өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.
Компания біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті инвесторлардың атына коммерциялық ұсыныстар беру жөнінде сұрау жібереді.